Қазақстан мұнай тасымалдаудың экономикалық тиімді бағыттарын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастыққа әзір - ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнай тасымалдаудың экономикалық тиімді бағыттарын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастыққа әзір  - ҚР СІМ

Қазақстан мұнай тасымалдаудың экономикалық тиімді бағыттарын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастыққа әзір - ҚР СІМ

"Экспорттық мұнай құбырлары жобасына әріптестік тұрғыдан қарайтын Қазақстан әлемдік рынокқа Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экономикалық тиімді бағыттарын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастыққа әзір". Бүгін, 9-маусымда Астанада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының 14-отырысының ашылуында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2004
  • 501
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «қуат көздерін экспортқа шығару бағыттарын таңдауда мемлекет Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа көп бағытта тасымалдау мүддесі тұрғысынан қарайды». Осыған байланысты Қазақстан жағының пайымдауынша, Каспий теңізінің табаны арқылы су асты кабельдері мен құбыр желісін тарту жолдарын айқындау сол учаске орналасқан жақтың келісімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс. «Осындай жобаларға жасалған экологиялық сараптама қорытындысын Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттердің түгелдей мақұлдауы ұзаққа созылумен бірге біршама қиындықтар тудырады. Бұл мүдделі елдердің экономикалық мүддесіне қайшы келеді»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта