Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс кенішінде бес адам үйінді астында қалып мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс кенішінде бес адам үйінді астында қалып мерт болды

Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс кенішінде бес адам үйінді астында қалып мерт болды

Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский ауданы Алтайский ауылында Қазақмыс корпорациясының Востокказмедь филиалына қарасты Ертіс кенішінде бес адам үйінді астында қалып мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасынан хабарлады.

  • 10 Маусым 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9-маусым күні кешкі сағат 21-де кеніштің №1121-ші блогының штрегін қайтадан қатайтып бұрау кезінде блоктың төбесі құлаған. Соның салдарынан 6 адам үйінді астында қалып, олардың бесеуі оқиға орнында опат болды. Қайтыс болған адамдардың мәйітін құтқарушылар 10-маусым күні таңертең жер бетіне шығарды.

Қайтыс болғандар арасында кеніштің бас инженері, үш скрепер мен жүкарбаның бір машинисі бар. Тірі қалған алтыншы адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.
Төтенше жағдайдың зардабын жою жұмыстарына құтқарушылар мен аймақтық тау-кендік техникалық инспекциясының қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.