АҚШ Қазақстанды өзінің қуатты әріптесі әрі одақтасы ғана емес, сонымен бірге етене жақын досы деп санайды - АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ Қазақстанды өзінің қуатты әріптесі әрі одақтасы ғана емес, сонымен бірге етене жақын досы деп санайды - АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары

АҚШ Қазақстанды өзінің қуатты әріптесі әрі одақтасы ғана емес, сонымен бірге етене жақын досы деп санайды - АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары

"АҚШ Қазақстанды өзінің қуатты әріптесі әрі одақтасы ғана емес, сонымен бірге етене жақын досы деп санайды". Бүгін, 10-маусымда Астанада энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясының ІІІ отырысында сөз сөйлеген АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары Кайл МакСлэроу осылай деп мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Маусым 2004
  • 381
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «энергетика саласындағы екі жақты ынтымақтастық — ортақ мақсатқа қол жеткізудің маңызды құрамдас бөлігі болмақ».

Бірлескен комиссияның отырысы барысында мұнай және газ, электр қуаты және қоршаған ортаны қорғау, баламалы энергетикалық және өнеркәсіптік ядролық технологиялар саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері сарапқа салынады.
Энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясы екі ел арасында ұзақ мерзімді энергетикалық әріптестік орнатып дамыту үшін 2001-жылдың желтоқсан айында құрылған.