Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум болмайды - энергетика вице-министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум болмайды - энергетика вице-министрі

Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум болмайды - энергетика вице-министрі

Сенат отырысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі референдумға шығарылмайтынын айтты.

  • 15 Маусым 2023
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Алаңның орналасқан жері туралы мәселе бар, бұл біріншіден. Екінші мәселе, ең маңыздысы — технология және қаржылық-экономикалық модель", — деді вице-министр Сенат отырысында.

Министрдің айтуынша, құрылыстың мерзімі, сондай-ақ болашақ станцияның ресми орны әлі анықталмаған. Осыған қарамастан Қазақстанға шет елдерден әлеуетті мердігерлерден ұсыныстар түсуі жалғасып жатыр.


Еске салайық, бұған дейін 2023 жылы АЭС орналасатын жерді таңдау мәселесі қоғамдық талқылауға шығарылатыны хабарланған болатын.

Перейти к новостям спорта