Қазақстан парламенті "Мемлекеттік сатып алу" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-16 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  "Мемлекеттік сатып алу" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Қазақстан парламенті "Мемлекеттік сатып алу" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 10-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттік сатып алу" туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімімен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Маусым 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, парламентте қабылданды деп саналған заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Байқауға келіп түскен ең таңдаулы өтінішті іріктеу өлшемдері туралы заң жобасындағы норма біршама дау-дамайға арқау болды. Ұзаққа созылған пікірталастан кейін сенаторлар мәжіліс ұсынған норма мәтінімен келісті. Онда атап көрсетілгеніндей, байқау комиссиясы ең таңдаулы өтінішті бірқатар критерийлерді ескере отырып ең төменгі баға негізінде іріктейді делінген.
Заңда мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға қатысты барлық ақпаратты бұдан былай байқау негізінде іріктеп алынатын бір басылымда ғана жариялау қарастырылған. Сондай-ақ, заң байқау комиссиясына демпингтік баға бойынша тауар немесе қызмет түрін сатып алу туралы ұсыныс жасаған потенциалдық сатып алушылардың ұсынысын қабылдамау құқығын береді. Сондай-ақ, заңда мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларға бұл рынокта бір жылдан кем емес уақыт жұмыс істеген кәсіпорындар мен потенциалдық сатып алушылар ғана қатыса алатындығы көрсетілген.