Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

15 маусым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалияқбаровты ұстады.

  • 16 Маусым 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап  хабарлайды.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әкімнің орынбасарына жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

“Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – делінген хабарламада.