Тәжікстан әділет министрлігінен хабарлағанындай, отырыстың күн тәртібіне 11 мәселе енгізілген. Атап айтқанда, жүктерді темір жолмен тасымалдауға ЕурАзЭҚ аясында біртұтас тарифтік база қалыптастыру, Қоғамдастыққа мүше елдер арасында Сырдария және Амудария өзендері бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын тиімді игеру саласындағы ықпалдастық, ЕурАзЭҚ аясындағы 2005-2006-жылдарға арналған банк саласын реттеу және қадағалау жөніндегі ынтымақтастық жоспарының жобасы туралы талқыланады.
Интеграциялық комитеттің бұған дейінгі отырысы биылғы жылдың 28-сәуірінде Душанбе қаласында өтті. Онда 17 түрлі құжат қабылданды. Сондай-ақ, алдағы Астана кездесуі қарсаңында (15-16 маусымда) ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтеді деп межеленген.