Middle East Petroleum компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына арналған Қазақстан мұнайын тасымалдауға мүдделі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Middle East Petroleum компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына арналған Қазақстан мұнайын тасымалдауға мүдделі

Middle East Petroleum компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына арналған Қазақстан мұнайын тасымалдауға мүдделі

Middle East Petroleum компаниясы Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына арналған Қазақстан мұнайын тасымалдауға мүдделі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Middle East Petroleum компаниясының директоры Таир Гезель хабарлады.

  • 11 Маусым 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Middle East Petroleum компаниясы Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясынан Сумгаиттағы Дюбендиден Сангачалыға дейін созылып жатқан мұнай құбыры жүйесін жалдайды. «Осы құбыр жүйесін реверсті пайдалану жолымен оны Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына қосылу үшін пайдалануға болады»,- деді ол.

Т.Гезельдің айтуынша, компания аталмыш мәселе бойынша ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan компаниясы — құбырды тарту және оны пайдалану жөніндегі оператор) компаниясымен тиісті келіссөздер жүргізіп, ол өз тарапынан бұл мәселе бойынша қажетті жағдайда қолұшын беруге уәде етті.
«Қазір барлық нәрсе клиенттерге, тарифтер мен басқа да факторларға байланысты»,- деді ол. Middle East Petroleum компаниясы директорының айтуынша, Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры желісіне тасымалдау үшін арнаулы терминал салу қажет.
Т.Гезельдің айтуынша, қазақстандық компаниялар Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы айдау үшін Каспийдің келесі жағалауынан мұнай тасымалдауға жүк көтерімділігі 60 мың тоннадан асатын ірі тоннажды танкерлер қажет деп пайымдайды. «Әзербайжанда мұндай кемелерді қабылдай алатын айлақтар жоқ. Ол үшін, атап айтсақ, теңізге қарай 15-20 шақырымға сұғынып жатқан терең причал салу керек. Ал бұл өз кезегінде ауқымды инвестицияны талап ететін жеке жоба. Біз өз тарапымыздан қызметімізді ұсындық. Бірақ біз өз клиентерімізге сенімді болуымыз қажет. Сондай-ақ, мұнай компаниялары аталмыш жүйеге инвестиция салуы тиіс. Сол себепті қазір біз компаниялардың жауабын күтіп отырмыз»,- деді Т.Гезель.
Әзербайжанның Azersun Holding аталатын холдингінің құрамына енетін Middle East Petroleum компаниясы Қазақстан мен Түрікменстаннан мұнай тасымалдауға маманданған. Azersun Holding 1992-жылы құрылған. Холдинг Әзербайжан экономикасына 100 млн. доллардан астам инвестиция жұмсады.