Middle East Petroleum компаниясы 2004-жылы Баку-Батуми бағыты бойынша Қазақстан мен Түрікменстаннан 2,2 млн. тонна транзитті мұнай тасымалдауды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Middle East Petroleum компаниясы 2004-жылы Баку-Батуми бағыты бойынша Қазақстан мен Түрікменстаннан 2,2 млн. тонна транзитті мұнай тасымалдауды жоспарлауда

Middle East Petroleum компаниясы 2004-жылы Баку-Батуми бағыты бойынша Қазақстан мен Түрікменстаннан 2,2 млн. тонна транзитті мұнай тасымалдауды жоспарлауда

Middle East Petroleum компаниясы 2004-жылы Баку-Батуми бағыты бойынша Қазақстан мен Түрікменстаннан 2,2 млн. тонна транзитті мұнай тасымалдауды жоспарлауда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компания директоры Таир Гезель хабарлады.

  • 14 Маусым 2004
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі тасымалданып отырған көлем біздің көңілімізден шықпайды, біз бұдан да жоғары көрсеткішті көздеген едік»,- дейді ол. Т.Гезельдің айтуынша, 2004-жылдың 5 айында компания 1 млн. тоннаға жуық мұнай тасымалдады. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен сәл төмендеу. Оның пікірінше, бұл Иранның мұнай тасымалдау белсенділігінің артуы тәрізді бірқатар факторларға байланысты. «Иран сауда-саттық пен тасымалдың своп тәсілін пайдаланып бағаны түсіру арқылы бізге қуатты бәсекелестік тудырып отыр. Алайда, бұл жүйе кешікпей мұнайға қанығады деп ойлаймыз. Сондай-ақ, Грузия мен Аджариядағы жағдай да тасымал көлеміне кері әсерін тигізді. Дегенмен, бұл тауқымет қазір шешіле бастады»,- деді Middle East Petroleum төрағасы.

Т.Гезельдің хабарлауынша, өз тарапынан компания Каспийдің келесі жағалауындағы маркетингтік шараларға бұрынғыдан да белсенді кірісе бастады. Сондай-ақ, оның айтуынша, компания Баку-Батуми көлік дәлізі бойынша Каспий кеме шаруашылығы мен Әзербайжан мен Грузия темір жолдарының қай-қайсысы да бағаны арзандатады деп күтуде. Бұл аталмыш бағыттың тартымдылығын арттыра түспек.
Middle East Petroleum компаниясы төрағасының айтуынша, транзитті тасымал ауқымы 2006-2007-жылдарда біршама артады. Өйткені, осы мерзімге дейін Қазақстанның Теңіз кенішіндегі мұнай өндіру көлемі артып, Қашаған кенішінде мұнай өндіру қолға алынады.
Әзербайжанның Azersun Holding аталатын холдингінің құрамына енетін Middle East Petroleum компаниясы Қазақстан мен Түрікменстаннан мұнай тасымалдауға маманданған.