Үкімет 2005-жылғы республикалық бюджетті жобалауға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2005-жылғы республикалық бюджетті жобалауға кірісті

Үкімет 2005-жылғы республикалық бюджетті жобалауға кірісті

Үкімет 2005-жылғы республикалық бюджетті жобалауға кірісті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2004
  • 351
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, республикалық бюджеттік комиссияның 11-маусымда өткен отырысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларына арналған лимиттер мен 2005-ші қаржылық жылға арналған бюджеттік бағдарламалар талқыланып мақұлданды. Ендігі жерде бюджет шығындарының лимиттері негізінде мемлекеттік мекемелердің 2005-2007-жылға арналған бюджеттік сұранымдары қаралады.

Ақпараттық жүйелерді дамытуға, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мамандардың кәсібі біліктілігін жетілдіру және оларды қайтадан дайындауға, инвестициялық жобалардың шығындары тәрізді бюджеттік бағдарламалардың жобалары аталмыш салалардағы уәкілетті органдар — Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, ғылым және білім министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі тарапынан құптаған қорытынды болған жағдайда ғана қаралады. Ал уәкілетті органдарға тиісті құзыры аясында дер кезінде әрі сапалы ұсыныстар дайындау жөнінде тапсырма берілген,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.