Парламент палаталарының бірлескен отырысында аталмыш мәселе бойынша мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі Виктор Иванов баяндама жасайды.
Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің қорытындысында 2003-жылғы республикалық бюджеттің көрсеткіштері былай деп көрсетілген : бюджет түсімдері 722,0 млрд. теңге, бюджет шығындары 773,9 млрд. теңге. 2003-жылғы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге келсек: Жалпы ішкі өнім мөлшері 4449,8 млрд. теңге, Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 9,2%. Жылдық орташа инфляция деңгейі 6,4%-ті, ал инфляциялық болжам 5,9%-ті құрады. АҚШ долларының бағамы 149,5 теңге болды. Сыртқы сауда айналымы өткен жылғымен салыстырғанда 31% немесе $21,2 млрд болды.