"Маңдайың жарқырамай орамал тақпадың ба?": Келінін орамалсыз алып шыққан Тұрсынбек Қабатовтың әйелін халық сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маңдайың жарқырамай орамал тақпадың ба?": Келінін орамалсыз  алып шыққан Тұрсынбек Қабатовтың әйелін халық сынап тастады

"Маңдайың жарқырамай орамал тақпадың ба?": Келінін орамалсыз алып шыққан Тұрсынбек Қабатовтың әйелін халық сынап тастады

"Келін шайға" келінін әнмен алып шыққан Мөлдір Мұқанова орамал тақпағаны үшін көпшіліктің сынына ұшырады. 

  • 19 Маусым 2023
  • 409
Фото - Caravan.kz

Продюсер әулетіндегі тойдан үзіндіні өзінің Instagram парақшасында бөлісіп, жазба қалдырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Соңғы апталар қарбалас, жүгіріс болып кетті. Стористерімнен көрген боларсыздар келін түсірдік, әулетіміздің тұңғыш немересін үйлендірдік. 

Түрлі іс-шаралардың басын дөңгелетіп жүрсек те, әулеттің тойын ұйымдастыру екі тіпті үш есе жауапкершілік, қобалжу екен. 

Қалай істейміз, не істейміз деп жүргенде ерекшелік болсын деп торттың орнына келін шәй бердік. Әулеттің барлық келіндері қаз-қатар тізіле қолдарына шәйнектерін алып, меймандарымызға шәй құйды. Кейін видеодан қарап отырсам өте әдемі көрініс екен. Барынша әдемі болсын деп соған орай  "келін шәй"  әнін жаздырдым. Келген қонақтарымыз дән риза болып қайтты. Мендегі бар жаңалық осы. Елімізде тек қуаныш, той болсыншы", — деп жазды ол. 

Ал желі қолданушылары продюсердің бұл видеосына "Маңдайың жарқырамай өзің де орамал тақпадың ба", "Мұрнымен айтып тұр ма, түсініксіз, "Түк дауысың жоқ" деген пікірлерін жарыса жазуда.