"Асар" партиясының төрайымы Д.Назарбаева сайлаушылар арасындағы танымалдығымен бұрынғыдай алда келеді - сауалнама - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының төрайымы Д.Назарбаева сайлаушылар арасындағы танымалдығымен бұрынғыдай алда келеді - сауалнама

"Асар" партиясының төрайымы Д.Назарбаева сайлаушылар арасындағы танымалдығымен бұрынғыдай алда келеді - сауалнама

"Асар" партиясының төрайымы Д.Назарбаева сайлаушылар арасындағы танымалдығымен бұрынғыдай алда келеді. Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығы жүргізген кезекті сауалнама қорытындысы осындай нәтиже көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2004
  • 565
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығының атап көрсеткеніндей, саяси лидерлердің танымалдығын паш ететін рейтингтік тізімде Д.Назарбаева 2004-жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ешкімді алға салған жоқ. Сәуір айымен салыстырғанда мамырда «Асар» партиясы төрайымының рейтингі 1,3 процентке өсіп, осы рейтинг бойынша Коммунистік партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдинмен арадағы айырмашылықты 2,4 есеге арттырды. Бұл зерттелген мерзімдегі ең жоғарғы көрсеткішке жатады.

Сәуір айымен салыстырғанда мамырда Коммунистік партияның жетекшісі С.Әбділдиннің, «Ақжол» партиясының тең төрағалары Болат Әбілов пен Әлихан Бәйменовтың, әсіресе Ораз Жандосовтың, сондай-ақ, «Отан» партиясы төрағасының орынбасары Амангелді Ермегияевтің, Азаматтық партияның лидері Азат Перуашевтың рейтингтік позициялары біршама төмендеді.
Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығы жүргізген кезекті сауалнама қорытындысы көрсеткеніндей, мәжіліс сайлауына небәрі үш ай қалғанда еліміздің ірі қалаларында тұратын сайлаушылар «Асар» партиясының төрайымы Д.Назарбаеваны ғана жақсы танитын болып шыққан. Ал С.Әбділдин, Б.Әбілов және Ғ.Жақиянов туралы үштен бір бөлігі, Ә.Бәйменов туралы төрттен бір бөлігі ғана хабардар. Ал әрбір бесінші сайлаушы Ғ.Қасымовтың Патриоттар партиясының жетекшісі екенінен құлағдар екенін байқатты.
Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығының сауалнамасы мынадай пікірді тағы бір дәлелдеп берді : қазақстандықтар партиялардың бағдарламасынан гөрі олардың лидерлерін жақсы таниды. «Қалалық сайлаушылардың партиялардың бағдарламасымен танысу процессі өте баяу жүргізілуде»,- дейді зерттеушілер. Сәуір-мамыр айлары аралығында қалалардың басым бөлігінде сайлаушылардың «Асар» және Қазақстанның Азаматтық партиясының бағдарламаларымен танысу көрсеткіштерінің төмендеу ағымы тіркелді. Ал сауалнамаға қатысушылардың «Отан» партиясының бағдарламасымен таныстық көрсеткіші екіұдай күйде болды: сегіз қалада көрсеткіш артса, тоғыз қалада керісінше төмендеген.
Зерттеушілер сондай-ақ, болашақ депутаттықтан үміткерлердің қазақстандықтарды өзіне тартатын қадір-қасиеттерін анықтады. Сайлаушыларды көбінесе олардың парасаттылығы, ұждандылығы, бірбеткейлігі тәрізді жеке тұлғалық қасиеттері қызықтыратын көрінеді. Сондай-ақ, респонденттердің басым бөлігі үшін олардың билік немесе оппозициядан шыққандығы маңызды емес, ең бастысы, қалыптасқан қағидаға сәйкес, олардың «жақсы адам болғаны» және «жүзеге асатындай бағдарламасының болғаны» тиімдірек.