Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында жария еткен.
Бастаманың мақсаты — шикізат өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпараттарды, сондай-ақ, табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтері тапқан пайданы жариялы болдыруға қол жеткізу. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың мәлімдеуінше, бастаманы қазіргі жағдаймен Әзербайжан, Гана және Қырғызстан республикалары қолдады.
Сорос Қазақстан қорының «Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасының директоры Антон Артемьевтің айтуынша, қазір республика үкіметі мұнай өндіруші компаниялармен Өзара өнім бөлісу жөніндегі келісім негізінде жұмыс істеуде. Әріптестіктің мұндай түрі келісім-шартында көрсетілген барлық мәліметтерді құпия ұстауды қарастырады. Нәтижесінде, кеніштерді игеруден республикаға дәл қаншалықты үлес тиетіндігі жөнінен нақты мәлімет алу мүмкін емес, деді А.Артемьев. Осыған байланысты Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастамаға республиканың бірігуіне түрткі болуды Коалиция өзінің басты мақсаты деп санайды.
Коалицияның үйлестірушісі, «Эхо» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Павел Лобачев жаңа қоғамдық бірлестіктің іс-қызметіне тек халықаралық ұйымдар ғана емес, сондай-ақ, Қазақстан аумағы мен одан тысқары жерлерде жұмыс істейтін мұнай компаниялары да қолдайды дегенге сенім білдірді.