Орталық Азия аймағына лаңкестік пен экстремизмнен гөрі экономикалық артта қалушылықтың қаупі үлкен - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық Азия аймағына лаңкестік пен экстремизмнен гөрі экономикалық артта қалушылықтың қаупі үлкен - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Орталық Азия аймағына лаңкестік пен экстремизмнен гөрі экономикалық артта қалушылықтың қаупі үлкен - Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Орталық Азия аймағына лаңкестік пен экстремизмнен гөрі экономикалық артта қалушылықтың қаупі үлкен. Бүгін, 14-маусымда қауіпсіздік және аймақтық ынтымақтастық мәселесі бойынша екінші Алматы конференциясында сөз сөйлеген ҚР Елбасының жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Маусым 2004
  • 663
Фото - Caravan.kz

М.Әшімбаевтың айтуынша, соңғы уақытта әлемнің алпауыт мемлекеттері мен Орталық Азия республикалары арасындағы экономикалық даму деңгейіндегі алшақтық арта түсті. ЖаҺандану жағдайында мұндай алшақтық күрделі проблемаға айналып, өскін мемлекеттерге экономикалық табысты саясат жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Бұл өз кезегінде оларды саяси дербестіктен айырады. Экономикалық даму деңгейіндегі жер мен көктей айырмашылықты мынадай мысал негізінде паш етуге болады: осыдан 100 жыл бұрын әлемнің ең бай және ең кедей мемлекеттері арасындағы кіріс деңгейі 10 есе айырмашылықта болса, қазір бұл айырмашылық 75 есеге жетті. Келесі 15 жылда бұл қарым-қатынас 150 есе өседі деп күтілуде. Демек, елдеріміз шикізатпен қамтамасыз етуші ролін тіптен нығайта түспек.

Бұл ағым әзірге айтарлықтай қауіп төндірмегенімен, түбегейлі экономикалық жаңартуларды жүзеге асыруға уақыт аз. Оның үстіне Өзбекстан және Түрікменстан секілді әлеуеті жағынан қуатты елдер қазіргі ахуалды консервациялау саясатын ұстанып отыр. Осыған байланысты аталмыш елдердің экономикалық гүлдену перспективасы бұлыңғыр, дейді М.Әшімбаев.
Экономикалық проблемалардың сыртында адами әлеуеттің аза бастау құбылысы да белең алды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының пікірінше, Орталық Азия республикаларында адами ресурстар қашан да тапшы болатын, соған қарамастан, соңғы 13 жылда сол әлеуеттің өзі құлдырауға ұшырады. Сол себепті аймақтағы республика үкіметтері экономикалық жаңартуларды қолдау үшін әлеуметтік, білім беру және медицина саласында түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыруы қажет.
М.Әшімбаевтың айтуынша, Орталық Азия республикалары үшін экономикалық дағдарыстан шығып, экономикалық даму деңгейіндегі алшақтықты қысқартудың бір жолы — аймақтан тысқары жатқан полюсі бар қуатты экономикалық интеграциялық блок құру болмақ. Осындай полюс ролін Ресей немесе Қытай атқара алады.