Оның пікірінше, қазақстандықтар «қазіргі болып жатқан құбылыстардың түпкі мәнін түсінбейді. Соған сәйкес, олардың арасында саяси сипаттағы кез-келген проблемаға жеккөрінішпен қарау көзқарасы қалыптасып отыр». «Қоғамдық пікір саясаттан алшақтап, азаматтар еліміздің саяси тыныс-тіршілігіндегі маңызды оқиғалардан бейхабар қалып отыр». Осыған байланысты Е.Қарин таяудағы бір әлеуметтік сауалнаманың қорытындысын мысалға келтірді. Қорытынды бойынша, еліміз азаматтарының ат төбеліндей ғана аз бөлігі Сайлау заңы мен «БАҚ туралы» заңға қатысты пікірталастардың егжей-тегжейінен құлағдар болып шыққан. Ал аталмыш құжаттарды талқылау соңғы уақыттардағы дискуссияның басты тақырыбына айналғаны белгілі.
Халықаралық қазіргі заманғы саясат институтының директорының пікірінше, «ел қазіргі болып жатқан құбылыстарға идеалистік тұрғыдан баға беруді доғарып, нақты әлеуметтік жобаларды табысты жүзеге асыруға алып келетін саяси бағдарға бағынуға артықша талпынатын болды».
Сондай-ақ, Е.Қариннің атап көрсеткеніндей, қазіргі саяси партиялар «көбінесе билікке қысым көрсетуші топ ролін атқарып, партия іс-қызметінің ақырғы мақсаты республикадағы әкімшілік аппаратқа ықпал жасауға сайып отыр». «Нағыз шынайы эффективті партиялар аппаратқа емес, бүкіл қоғамға жұмыс істеуі қажет»,- дейді институт директоры. «Өз іс-қызметінде ұзақ мерзімді тиімділікке ұмтылатын партиялар азаматтардың қолдауына ие болуы тиіс»,- деді Е.Қарин. «Саясат сайлаумен тәмамдалмайды, партиялар болашаққа қызмет етуі тиіс»,- деп атап көрсеткен Е.Қарин : «партиялардың саяси платформалары қазірден бастап қоғаммен етене жақын байланыс орнату, саяси сала мен қарапайым азаматтардың мүддесі арасындағы алшақтықты еңсеру талабына сәйкестендірілуі тиіс»,- деді.