Қырғызстан парламентшілері Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімді маусым айының аяғына дейін бекітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан парламентшілері Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімді маусым айының аяғына дейін бекітеді

Қырғызстан парламентшілері Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімді маусым айының аяғына дейін бекітеді

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекіту мәселесі 14-маусымда мемлекеттік қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитеттің отырысында талқыланды,- деп хабарлайды KZ-today ақпараттық агенттігінің Бішкектегі тілшісі.

  • 15 Маусым 2004
  • 497
Фото - Caravan.kz

Жогорку кенеш заң шығару жиналысының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырысқа Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Асқар Айтматов қатысты. Оның айтуынша, бұл келісімге 2001-жылдың 15-желтоқсанында Астанада қол қойылған. Құжатта кейбір даулы аумақтар нақтыланған. Келісім бойынша Қырғызстан жағына 6 мың гектардан астам, Қазақстан жағына 4 мың гектардан астам жер берілді. Екі республика арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 1241,58 шақырымды құрайды. Алайда, парламенттік комитеттің төрағасы Исмаил Исаков келісімнің кейбір тұстарымен келіспей отыр. Қырғызстанның Чу және Талас облыстарының кейбір аумақтарын беру мәселесі, оның пікірінше, жеке талқылануы тиіс.

Комитет мүшелері Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекіту мәселесін парламенттің төменгі палатасының отырысына шығаруды ұйғарды. Ол осы айдың аяғына дейін талқыланады деп күтілуде. Шілде айының басынан тамыздың аяғына дейін Қырғызстандық заң шығарушылар өздері сайланған округтерге аттанады.
Комитет шешімімен сондай-ақ, 2001-жылдың 15-маусымында Шанхайда қол қойылған «Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикалары арасындағы мемлекеттік шекаралардың түйіліс нүктесі туралы келісімді бекіту туралы» заң жобасы да заң шығару жиналысының қарауына ұсынылмақшы.

Перейти к новостям спорта