Қазақстаннан келе жатқан контрабандашыларды ұстау үшін Өзбек шекарашылары оқ атты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстаннан келе жатқан контрабандашыларды ұстау үшін Өзбек шекарашылары оқ атты

Қазақстаннан келе жатқан контрабандашыларды ұстау үшін Өзбек шекарашылары оқ атты

Маусымның 13-інен он төртіне қараған түні Қазақстаннан Өзбекстанға беттеген контрабандашыларды ұстамақ болған Өзбекстандық шекарашылар жасағы оқ атты. Соның салдарынан контрабандашылардың тауары тиелген мотоцикл өртеніп кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК шекара қызметінің Оңтүстік аймақтық басқармасының бастығы Марат Мәжитов мәлімдеді.

  • 15 Маусым 2004
  • 557
Фото - Caravan.kz

М.Мәжитовтың айтуынша, Өзбекстандық төрт азамат «Урал» мотоциклімен Оңтүстік Қазақстан облысынан сатып алған маталарды Өзбекстанға жасырын алып өтпек болады. Жібек жолы трансшекаралық ауылы маңында Қазақ-Өзбек мемлекеттік шекарасынан өтпек болған жерінен контрабандашыларды Өзбекстандық шекарашылар жасағы ұстап алған.

Шекарашылар мен ұсталғандар арасында кикілжің шыққан. Шуылды естіп жергілікті тұрғындардан 60-тай адам жиналады. Осы сәтте оқ ата бастаған Өзбекстандық шекарашылар барлығы 30-дай оқ шығарған.
М.Мәжитовтың айтуынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ.