Н.Назарбаев осыған орай «қоғам саяси балиғатқа толғанын дәлелдейтін сынақ алдында тұр» деп атап көрсетті. «Тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы өкілетті билік органының сайлауы тұңғыш рет тұрақты экономикалық даму, халықтың тұрмыс деңгейінің жақсару жағдайында өткізілгелі отыр»,- деді мемлекет басшысы.