Бұл туралы ол өзінің өзінің Instagram парақшасындағы сторисінде бөлісіті деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Көп рақмет, соңғы кездері неше түрлі орамалдар менің гардеробымда көбеюде. Әртүрлі киімдерге, көйлектерге жарастырып таққанды жақсы көремін. Білмеймін, ол ішімде болып жатқан өзгерістер ме, солай болып жатыр. Бірақ, сіздерден теріс пікір болғанын қаламаймын. Өйткені хиджаб кию бір бөлек, орамал тағудың өзінің бұрынғы заманнан келе жатқан осындай бір үрдістері бар. Қазіргі мендегі дәреже осы күнгі ол әрине әйел адамның табиғатын одан сайын ажарландырып аша түсетін әдемі киімнің бөлшегі ретінде тағып жүрмін. Өзімнің пікірімді қалдырып кету осы жерде орынды деп ойладым", — дейді ол.