Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
Әкімдік мәліметінше Астананың 25 жылдығына орай 100-ден аса іс-шара өткізу жоспарланып отыр екен
Биыл қала күніне орай отшашу болмайды. Алайда, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда. Оның 90-ға жуығы — елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін, – деп жауап берді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтерлердің кілттері табысталады.
Айта кетейік, Астана күніне орай қазақстандықтар 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.