2005-жылдың 1-тоқсанында Қарашығанақта Газқұбырлы электр станциясының төртінші блогы іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 1-тоқсанында Қарашығанақта Газқұбырлы электр станциясының төртінші блогы іске қосылады

2005-жылдың 1-тоқсанында Қарашығанақта Газқұбырлы электр станциясының төртінші блогы іске қосылады

2005-жылдың 1-тоқсанында Қарашығанақта қуаты 30 Мегаваттық газқұбырлы электр станциясының төртінші блогы іске қосылады. Бұл туралы облыстық әкімшіліктің отын-энергетикалық кешен бөлімінің бастығы Гумар Дүйсенбаев облыстық жиында хабарлады.

  • 21 Маусым 2004
  • 636
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда облыс әкімі төртінші блокта өндірілген электр қуаты толықтай облыс қажеттілігін өтеу жөніндегі мәселе бойынша Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Бұл облыстық электр қуатына деген сұранысты тағы да 30 МВт-қа қысқартуға жол ашады.

Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облысы Қарашығанақ Газқұбырлы электр станциясында өндірілген 28 МВт электр қуатын тегін пайдалануда.
Қарашығанақ Газқұбырлы электр станциясы төрт блоктан тұрады, қазіргі жағдаймен әрбіреуінің қуаты 30 МВт-қа тең үш блок пайдалануға берілді. Электр станциясының жалпы қуаты 120 МВт-ты құрауы тиіс. Г.Дүйсенбаевтың айтуынша, төртінші блокты салуға арналған жабдықтар қазір жеткізіліп жатыр, соңғы төртінші блок алдағы жылдың бірінші тоқсанында құрастырылып, іске қосылуы тиіс.