Биыл 10 үй салынады деп күтілуде. Жалпы алғанда, корпорация алдағы үш жылда 50 коттедж салуды жоспарлап отыр. Бұл үйлер облысқа квота бойынша қоныс аударған оралмандарға арналады. Тұрғын үйге ие болу үшін оралмандар «Батсу» корпорациясында 5 жыл үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Корпорацияда мыңдай адам жұмыс істейді.