Алматыда сарапшылар ата-аналар қауымының білім беру саласы проблемаларын шешуге қатысуы туралы проблеманы талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда сарапшылар ата-аналар қауымының білім беру саласы проблемаларын шешуге қатысуы туралы проблеманы талқылауда

Алматыда сарапшылар ата-аналар қауымының білім беру саласы проблемаларын шешуге қатысуы туралы проблеманы талқылауда

Бүгін, 21-маусымда Алматыда Халықаралық қазіргі заманғы саясат институының қолдауымен "Ата-аналар қауымының білім беру саласы проблемаларын шешуге қатысуы туралы" деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Маусым 2004
  • 1567
Фото - Caravan.kz

Кездесуде сөз сөйлеген мектептердегі қоғамдық ұйымдар қауымдастығының атқарушы директоры Инна Косованың айтуынша, «мектептердегі қаржы тапшылығын көбінесе ата-аналар көтеруде». «Мектептердегі алымдарды мемлекеттік құрылымдар мен ата-аналар қауымы түгелдей бір дауыстан қолдап отырған жоқ»,- деді И.Косова.

Қауымдастық төрайымы республиканың бес қаласында мектеп оқушыларының ата-аналары арасында жуырда өткізілген сауалнама қорытындысына қатысты мәліметтерді ортаға салды. Соған сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 68,3 проценті «өздерінің материалдық қолдауынсыз балалары сапалы білім ала алмайды дегенге шүбә келтірмейтіндіктен, мектепті дамытуға саналы түрде қаржы қосуға дайын». Ата-аналардың 70 проценті ата-аналардың қоғамдық ұйымдарына жарна қосу арқылы мемлекеттік мектептерді қаржыландыруға атсалысқан. 9,2 проценті тіркеусіз жарна түрінде қаржы қосса, 16,7 проценті мектептегі арнаулы есепшоттарға ақша аударған.
Сауалнама қорытындысы паш еткендей, ата-аналар негізінен мектепті жөндеу, мектептерге арнап жиҺаз, компьютер, тұрмыстық техника, оқулықтар, оқу-әдістемелік аппаратуралар, көрнекі құралдар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарын сатып алу секілді шығындарға арнап қаржы шығарады. «Ата-аналар бөлетін жарна мөлшері жылдан-жылға арта түсуде»,- деді И.Косова.
Сауалнама қорытындысы бойынша, респонденттердің 56,7 проценті алдағы уақытта да жекелеген пәндерге қосымша уақыт бөлуге ақша шығаруға әзірлік танытса, 26,7 проценті мерзімі ұзартылған топтар құруға, 27 проценті мектептерді жөндеуге, 22,5 проценті мектепке арнап жиҺаз сатып алуға, 31,6 проценті аппаратура мен компьютерлер сатып алуға, 30 проценті оқу-әдістемелік құралдар сатып алу мен сыныптан тыс шараларды ұйымдастыруға әлі де қаржы шығаруға дайын.
Қазақстанның білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы проблемалар ретінде сауалнамаға қатысушылар оқулықтардың сапасыздығы (69 проценті), мектептердің жабдықталу деңгейінің төмендігі (42 проценті), білім беру сапасының төмендігі мен білікті мамандардың тапшылығы (42 проценті), қазіргі заманға сай емес, сапасыз оқу бағдарламалары (29 процент) және мұғалімдер жалақысының төмендігі (26 проценті) тәрізді проблемаларды атаған.
Қауымдастық төрайымының атап көрсетуінше сондай-ақ, «зерттеу қорытындысы ата-аналардың мектеп өміріне, балаларының сапалы білім алуына әсер ететін мәселелер бойынша шешім қабылдау барысына белсене қатысуға деген құлшынысын айғақтап берді».