"Өзенмұнайгаз" 2004-жылы Тепкі деп аталатын жаңа учаскеде геологиялық-барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өзенмұнайгаз" 2004-жылы Тепкі деп аталатын жаңа учаскеде геологиялық-барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр

"Өзенмұнайгаз" 2004-жылы Тепкі деп аталатын жаңа учаскеде геологиялық-барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр

"Өзенмұнайгаз" АҚ-ның өндірістік филиалы - "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" атты акционерлік қоғам 2004-жылы Тепкі деп аталатын жаңа учаскеде геологиялық-барлау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне инновациялық технологиялар департаментінің директоры Қалдыбай Марқабаев хабарлады.

  • 22 Маусым 2004
  • 562
Фото - Caravan.kz

Қ.Марқабевтың айтуына қарағанда, бұл құрылымдағы мұнайдың болжамдық қоры шамамен 8-10 млн. тоннаны құрайды. «Аталмыш алаңды игеруге арналған лицензияны «ҚазМұнайГаз» алған, әрі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өндірістік филиалы оның салалық құрылымы болғандықтан, компания ондағы іздестіру жұмыстарына арналған бағдарлама жасады»,- деді ол.

Оның айтуынша, алдағы екі айда жұмыс бағдарламасының бюджеті бекітіледі. Бағдарламаға сәйкес, 2004-жылы бір барлау ұңғысын бұрғылау көзделген. Бір ұңғыны бұрғылауға шамамен 500 млн. теңге жұмсалады.
Сондай-ақ, Қ.Марқабевтың айтуынша, 2004-жылы өндірістік филиал 3D сейсмологиялық барлау мәліметтері негізінде Өзен және Қарамандыбас кеніштеріндегі триас түзілімдеріндегі кең ауқымды іздестіру шараларына кіріседі. Биылғы жылы іздестіру мақсатындағы 4 ұңғы бұрғылау межеленген.