2004-жылғы 1-сәуір күнгі жағдаймен Қазақстанда 132 мың шағын кәсіпорын тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылғы 1-сәуір күнгі жағдаймен Қазақстанда 132 мың шағын кәсіпорын тіркелді

2004-жылғы 1-сәуір күнгі жағдаймен Қазақстанда 132 мың шағын кәсіпорын тіркелді

2004-жылғы 1-сәуір күнгі жағдаймен Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 132 мың шағын кәсіпорын тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 22 Маусым 2004
  • 521
Фото - Caravan.kz

Шағын кәсіпорындардың басым бөлігі (зерттеуге қатысқандардың 38,6 проценті) сауда-саттық, автокөлік жөндеу және тұрмыстық тұтыным бұйымдарын өндіру саласында маманданған. 2003-жылдың 1-сәуіріндегі жағдаймен 7,7 мың өнеркәсіптік шағын кәсіпорын жұмыс істесе, 2004-жылдың 1-сәуірінде олардың саны 8,1 мыңға дейін жетті.

2004-жылғы 1-сәуір күнгі жағдаймен 19,5 мың кәсіпорын 29,9 млрд. теңгенің шығынына батса, 19,7 мың кәсіпорын 42,6 млрд. теңгенің кірісімен жұмыс істеді. 2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен олардың іс-қызметінің қаржылық сальдо қорытындысы оң көрсеткішті 12,7 млрд. теңгені құрады.
2004-жылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы, аң және орман шаруашылығы кәсіпорындары, коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызметтер көрсетуші кәсіпорындардың жұмысы кері сальдолы көрсеткішпен сипатталды. Сауда-саттық, құрылыс және қаржылық іс-қызметпен айналысушылардың жұмыс нәтижесі ең жоғары көрсеткішке ие.
2004-жылдың 1-тоқсанында қаржылық-шаруашылық іс-қызмет нәтижесінде шағын кәсіпорындар өнім сатудан 544,1 млрд. теңге пайда тапты, ол 2003-жылдың 1-тоқсанындағыдан 1,5 есе артық. Республика бойынша өнім сатудан түскен кірістің жартысынан астамы — 351,8 млрд. теңгені (64,7 проценті) сауда саласындағы кәсіпорындар қамтамасыз етті.
Республика аймақтары бойынша алып қарасақ, шағын кәсіпорындардың өнім сатудан түскен кірісінің басым бөлігі Алматы (өнім сатудан түскен кірістің 43 проценті немесе 234 млрд. теңге) және Астана (13,8 проценті немесе 75,1 млрд. теңге) қалалары мен Қарағанды облысында (6 проценті немесе 32,5 млрд. теңге) тіркелді. Ал ең аз кіріс Жамбыл (5,7 млрд. теңге немесе 1 процент) және Қызылорда (4,8 млрд. теңге немесе жалпы кірістің 0,9 проценті) облыстарында тіркелді.