Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы білім беру саласын дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдаманы қабылдаудың дұрыстығын дәлелдеп берді - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы білім беру саласын дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдаманы қабылдаудың дұрыстығын дәлелдеп берді - үкімет басшысы

Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы білім беру саласын дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдаманы қабылдаудың дұрыстығын дәлелдеп берді - үкімет басшысы

Үкімет басшысы Даниал Ахметов Бірыңғай ұлттық тестілеу шарасының оң нәтижелерін жоғары бағалады. "Осынау маңызды шара жалпы білім беру жүйесінің іс-қызметіне тәуелсіз баға беруге жағдай жасады". Бүгін, 21-маусымда Астанада өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Маусым 2004
  • 695
Фото - Caravan.kz

«Біз саланы нақты шынайы бағалауға мүмкіндік беретін тәуелсіз индикаторларды тауып алғандай болдық»,- деді Д.Ахметов. Сондай-ақ, үкімет басшысының пікірінше, мектептер арасында бәсекелестіктің пайда болуы да оңды ағым. «Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы — білім беру саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасын қабылдаудың дұрыстығын дәлелдеп берді»,- деді үкімет басшысы.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеевтің айтуынша, Бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы орыс тілінде білім беретін мектептерде білім сапасы жоғары екенін көрсетіп берді. Мәселен, орыс тілінде білім беретін мектеп түлектерінің орташа баға көрсеткіші 54,7 балл болса, қазақ мектептердің түлектерінің жинаған орташа балл мөлшері 50,6 болды. Ж.Күлекеевтің айтуынша, оған себеп, қазақ тілді мектептердің басым бөлігі ауылда екендігіне байланысты. Мәселен, ауыл мектептерін бітірген балалардың орташа балл мөлшері 48,1 болса, қала мектептерінің түлектері арасында ол 55,5-ке тең. Мұндай айырмашылықтардың себебі министрлікте өтетін кеңесте талқыланады, деді Ж.Күлекеев.
Бірыңғай ұлттық тестілеу шарасы еліміз бойынша 10-15-маусым аралығында өткізілді. Оған 179,2 мың түлек қатысты. Олардың 105,6 мыңы қазақ, 73,6 мыңы орыс тілінде білім беретін мектеп түлектері.