Қазір Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC) мен Өзбекнефтегаз арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, алдағы бір айда нақты шаралар жоспарын анықтайтын жұмыс тобы құрылады.
Ш.Маджитовтың айтуынша, осы мақсатта инвестиция көлемі 20-30 млн. долларды құрайтын екі немесе үш бірлескен кәсіпорын құрылады.
Жобалар Ферғана мұнайгаз аймағындағы төмен өнімді кеніштер негізінде жүзеге асырылады, деді ол.