Қазақстанда адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін заңға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.77
  • 542.87
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін заңға қол қойылды

Қазақстанда адамды клондауға тыйым салатын және суррогатты ана болуға мүмкіндік беретін заңға қол қойылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Адамның репродуктивтік құқығы және оны жүзеге асыру кепілдіктері туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Маусым 2004
  • 810
Фото - Caravan.kz

Бұл заң азаматтардың репродуктивтік денсаулығын қорғау саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейді, сондай-ақ, азаматтардың репродуктивтік құқығына қатысты мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындап, мемлекет тарапынан берілетін кепілдікті қамтамасыз етеді.

Заңның бір статьясы суррогатты ана болуға мүмкіндік береді. Онда суррогатты ана мен болашақ ата-ана арасындағы құқықтық қарым-қатынастар реттеледі, тараптардың құқықтары мен міндеттері айқындалады.
Сондай-ақ, заңда жасанды жолмен ұрықтандыру және ұрықты имплантациялауға қатысты да кейбір мәселелер қарастырылған. Бүгінде жасанды ұрықтандыруға бағытталған бір операцияның құны шашамен 2 мың долларды құрайды. Мамандардың пікірінше, қол қойылған нормативтік құжат аталмыш саланы бюджеттен қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, елімізде ерлі-зайыпты жұптардың шамамен 30 проценті репродуктивтік көмекші технологиялардың жәрдеміне жүгінуге мұқтаж болса, некелескен жұптардың 16 проценті балалы болу бақытынан айрылған.
Бұған қоса, заң жыныс клеткаларының донорлығы, жүктілікті жасанды жолмен тоқтату, хирургиялық жолмен стерилизация жасау мәселелерін де қарастырады.
Заңның 9 бабы, 3-тармағы бойынша елімізде адамды клондауға тыйым салынады.
Заңның толық мәтіні ресми баспасөзде жарияланады.