Қайғылы оқиға қаланың Әуезов ауданы Көкқайнар ауылындағы жай үйлердің бірінде болған. Зайыбымен жаңжалдасып қалған әлгі оны ішінен пышақтаған. Аудандық оперативті қызметкерлер мен күзетшілер жасағы қылмыс орнына келген кезде әйел қайтыс болып кеткен екен. Осыдан кейін ғана істеген ісінің ауырлығын түйсінген еркек өзін-өзі кеудесінен пышақтап өлтіруге әрекет жасады.
Күдікті қалалық 12-ші орталық ауруханаға жатқызылды. Кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.