Қызының еміне байланысты ақпаратпен ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Аллахым! Шексіз мейіріміңді өмірімнің әр сәтінен сезінген сайын, мен осыған лайықтымын ба деп ойланамын. Кәусарымның еміне өте көп сұрақтар қойылып жүр жекеме, Аллахтың шексіз мейірімімен бізде өзгерістер бар! Алла үшін мүмкін емес нәрсе жоқ! Тек сенім өшпесін!
"Ананың махаббаты" — Алланың анаға берген өте үлкен инструменті. Өкінішке ора, ол сезімдерді қазіргі таңда балаларымыздан аяймыз. Жылуды, махаббатты, мейірімді — бала анасынан алады. Оларды қанаттандыратын да, сындыратын да ана екеНін ұмытпайықшы.Біздің үлкен жауапкершіліктегі рөліміз де, Алла алдындағы аманатымыз да — балаларымыз.
Блогымды ары қарай Алланың разылығы үшін жүргіземін. Ниетімді жаңартып жатырмын, Алланың қалауымен. Сондықтан, шынайы аз болса да, сапалы оқырмандарымның болғанын қалаймын.
Әр адамның өсуі әртүрлі келеді. Менің ішімде де үлкен өзгерістер орын алуда. Бұрын адамдарға пайдалы болуға мүмкіндігім аз деп ойлайтынмын, дәл қазір Аллах берген тәжірибем мен бар білімімді, кішкентай болса да бөлісуімнің қаншалықты маңызды екенін түсінемін… Сондықтан Кәусар туралы сіздерге көбірек айтқым келеді. Себебі ол менің өмірімдегі Ғажайып.
Жай ғана бүгінгі күнге Алла берген 12 мүшеңіздің сау болғанына, айналаңыз бүтін болғанына сансыз шүкір етейікші.
Күнделікті сал ауруына шалдыққан әр бала, аяқтарымен бір қадам жасасам екен деп жылдарға созылған қиындықтардыөткеруде…кейбірі 20 жыл армандап жүр, біз 8 жыл армандап келемз. Біреуге аз, біреуге көп. Сол аяқтарымыздың барына да шүкір етейікші. Оның өзі нығмет екенін бір сәтке сезінейікші", — деп жазды ол.