Өскеменде екінші аймақтық экономикалық форум басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде екінші аймақтық экономикалық форум басталды

Өскеменде екінші аймақтық экономикалық форум басталды

Бүгін, 23-маусымда Қазақстанның 2015-жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму старатегиясын жүзеге асыруға арналған екінші аймақтық экономикалық форум басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Маусым 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Форумның мақсаты — индустриялық-инновациялық даму старатегиясы арқылы ел экономикасының , соның ішінде аймақтардың алдына қойылып отырған мақсаттар мен міндеттерді түсіндіру болып табылады.

Осыған байланысты Өскеменде аймақтағы үш облысты дамыту жоспары жарияланып, шағын және орта бизнесті кластер түрінде дамытудың болашағына, шекаралық саудаға, техникалық реттеу жүйесін жаңалауға, индустриялық-инновациялық дамуды ғылыми-техникалық тұрғыда және мамандармен қамтамасыз етуге арналған секциялық семинарлар өткізіліп, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік қауымдастықтар арасындағы ықпалдастық мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ, «Ірі өнеркәсіптік бизнес — аймақты дамытушы локомотив (тауқыметтер мен даму перспективасы, жүзеге асырылып жатқан немесе жоспардағы озық инновациялық жобалар)» тақырыбы бойынша үш облыс аясындағы ірі өнеркәсіп орындарының көрме-тұсаукесері өткізіледі. Сонымен бірге, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының инновациялық жобалары ортаға салынады.
Шараны ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі, индустрия және сауда министрлігі мен Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов, экономика министрінің орынбасары Қайрат Әйтекенов, Шығыс, Солтүстік және Павлодар облыстарының әкімдері, Қазақстан кәсіпкерлері Форумының өкілдері, салалық министрліктер мен мекемелердің, әкімшіліктердің, даму институттарының, банктер мен бизнестің өкілдері қатысуда.

Перейти к новостям спорта