Мәжіліс депутаты Иракта жүрген қазақстандық әскерилер мен қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Иракта жүрген қазақстандық әскерилер мен қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге шақырды

Мәжіліс депутаты Иракта жүрген қазақстандық әскерилер мен қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге шақырды

Мәжіліс депутаты Виктор Иванов Иракта жүрген қазақстандық әскерилер мен қарапайым азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге шақырды. Мәжіліс депутаты ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратовқа жолдаған депутаттық сауалында осындай үндеу жариялады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2004
  • 462
Фото - Caravan.kz

И.Ивановтың атап көрсеткеніндей, «Ирак аумағында шетелдіктерді кепілдікке алу оқиғаларының жиілеп кетуі осындай талап қоюға итермелеп отыр». «Қазір коалиция құрамында ҚР Қарулы күштерінің шектеулі құрамасы — Қазбат қызмет істеп жатқандықтан, ондағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын мейлінше күшейту қажет»,- деп санайды депутат.

Сондай-ақ, депутаттың атап көрсетуінше, «Ирак аумағында еліміздің қарапайым азаматтарының да болу мүмкіндігі зор». Осыған сәйкес депутаттың пайымдауынша, ҚР СІМ «осындай адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Ирак аумағынан ешбір кедергісіз шығып кету мүмкіндігін қамтамасыз етуге шұғыл шаралар қолдануы тиіс».
В.Ивановтың пікірінше, «Ирактағы халықаралық шиеленісті оқиға ұлтазаттық қозғалысына ұласты, ендігі жерде Ирак халқы егемендік туралы өз қалауына сәйкес таңдау жасамайынша, бұл күреске қандай да қауіпсіздік күштері төтеп бере алмайды».

Перейти к новостям спорта