29-маусым күні кешкісін Қарағанды облысындағы Ботақара көлінде шомылып жүрген 9 және 10 жастағы екі қыз бала суға батып кетті. Балалардың мәйітін жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.
Тағы бір қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысында болды. Амангелді ауылында тұратын 7 жасар бала Чижа өзеніне батып кетті. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің судан құтқару қызметі баланың мәйітін іздестіріп жатыр.