Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір науқасқа дәрігерлер конго-қырым қанды безгегі деген диагноз қойып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір науқасқа дәрігерлер конго-қырым қанды безгегі деген диагноз қойып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір науқасқа дәрігерлер конго-қырым қанды безгегі деген диагноз қойып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы Амансай ауылының бір тұрғыны конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Шiлде 2004
  • 770
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 25-маусымда 16 жастағы бозбаланы кене шағып алған. 29-маусымда ол ауруханаға түсті. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Қырым қанды безгегі табиғи ошақтан таралатын вирусты дерттердің бірі. Бұл аурудың басты белгілері қызу көтерілу, қан шабу, бас пен бұлшық ет ауыру, ұйқы қашу түрінде көрініс береді.