Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялад

  • 19 Шiлде 2023
  • 25
Фото - Caravan.kz

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 649 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 506,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 1 триллион 142,7 миллиард теңге бөлінген, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


"2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 641 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 82 805 теңге, базалық зейнетақы — 37 836 теңге", — делінген хабарламада.

1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлердің саны 2 миллион 300 мың.