Қазақ қыздары әлем рекордын жаңартты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ қыздары әлем рекордын жаңартты

Қазақ қыздары әлем рекордын жаңартты

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз топ жарды.

  • 23 Шiлде 2023
  • 74
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

10 метрдегі жылжымалы нысананы көздеуде Қазақстан командалық сында жеңіске жетті. Фатима Ирназарова, Зухра Ирназарова және Александра Садуақасова үштігі 1686 ұпай жинады. Бұл дүнижүзілік біріншілік тарихындағы ең үздік нәтиже саналады. Ал жекелей сында Фатима Ирназарова 572 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Қазір ұлттық құрама қоржыныдағы медаль саны 6-ға жетті. Қазақстандық спортшылар бүгінге дейін 2 алтын 4 күміс жеңіп алды. Әлем чемпионаты 25-ші шілдеге дейін жалғасады. Ел намысын 12 спортшы қорғап жатыр. Жасөспірімдер арасындағы әлемдік аламанға 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера