Бұл туралы Тотуыл Шоқан фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ислам діні уағызшысына 55 млн-ның 300 й «крузагын» типа сыйлады.
Көліктің бәрі жақсы, егерде, дөңгелегі алланың жолында айналса.. деп бір ғалым айтыпты деген «ғалымы» —өзі-ау осының.
Бұларда «Мұһаммед айтыпты..» деп— өз сөздерін аңырата беру бұрыннан бар-ғой.
«Әлсіз хадистер..» деген қайдан шықты болмаса?
Жә, бұл қайдан келген 55 млн-дық «батпан құйрық»?!
«Танымал қыз-келіншектерге ақша төлеп хиджап кигізіп жатыр екен…» дегендер болған.
Демек, ақша Саудиядан келіп жатыр.
Ислам дінін жарнамалап таратып үлкен/кіші қажылыққа, бұған қосымша Арабияға туристерді тарту үшін бөлініп жатқан гранттардан болуы керек.
Мысалы, 55 млн 5 млннан қажылыққа барған 11-ақ адамның ақшасы.
Ал бұлардың арқасында мыңдаған адамдар дінге кіруде: қажылыққа баруда.
Олай болса: неге мінгізбеске?
Уағызшының қымбат көлік алуының басқа жолын көріп тұрған жоқпын мен.
Сіздер қалай ойлайсыздар?"; деп жазды.