“Кім өзіне ор қазады дейсің”: Бағлан Әбдірайымов сәтсіз болған фильмі туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Кім өзіне ор қазады дейсің”: Бағлан Әбдірайымов сәтсіз болған фильмі туралы айтты

“Кім өзіне ор қазады дейсің”: Бағлан Әбдірайымов сәтсіз болған фильмі туралы айтты

Әнші Бағлан Әбдірайымов жаңа стильде фильм жасап, көпшілікті қуантқысы келгенін жасырмады. 

  • 31 Шiлде 2023
  • 2843
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

“Еее, кім өзіне ор қазады дейсің? 

Ізденіс, даму, жақсы өмірге бәріміздің жанымыз құмар. 

Алайда, біз ойлаған нәрсе бола бермейді. Өте өкінішті сәтсіз проект болғанына. Қалың көрерменнің ойынан шықпады. Жаңа бағыт, жаңа стиль жасап, көрерменді қуантамыз деп едік…

Әттеген ай! 

Бұл жағдай менің басымнан өткен, бұл жолы басқаша. Қамығуға, жығылуға, күрсінуге дым желание жоқ. 

Адал еңбек, маңдай тер, кеткен уақыт өз жемісін берері сөзсіз. Қайдан екені Аллаға мәлім. 


Деніміз сау, басымыз аман! Бұл да өтер, сенімдімін. Тағы да шыңдаламыз. 

Көңіл күй, бәрі жақсы. 

Тек, алға ғой! 

Жақсы күнде, жақсы жаңалықпен жолығамыз!”, — деп жазды ол. 

Желі қолданушылары өз пікірлерін жарыса жазуда. “Актерлық құрам дұрыс болмады”, “Рас айтайын, кино көрдім, ұнамады мүлде”, “Бастысы басың аман болсын”, — деп жазды олар.