Батыс Қазақстан облысындағы 4 мыңдай кәсіпорындар мен ұйымдар зейнетақы қорларына берешек - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысындағы 4 мыңдай кәсіпорындар мен ұйымдар зейнетақы қорларына берешек

Батыс Қазақстан облысындағы 4 мыңдай кәсіпорындар мен ұйымдар зейнетақы қорларына берешек

Батыс Қазақстан облысындағы 4 мыңдай кәсіпорындар мен ұйымдар зейнетақы жарнасы бойынша зейнетақы жинақтаушы қорлардың алдында қарыздар. Бұл туралы әлеуметтік әріптестік, сондай-ақ, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссияның отырысында айтылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Шiлде 2004
  • 769
Фото - Caravan.kz

2004-жылдың 1-мамырындағы жағдаймен облыстық кәсіпорындардың зейнетақы қорлары алдындағы берешегі 333 млн. теңгеден асып жығылды.

Облыстық салық комитетінің төрағасы Нариман Тауышовтың айтуынша, салық мекемелері міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті жою үшін заңды шараларды жан-жақты қолдануда. Мәселен, жыл басынан бері зейнетақы жинақтаушы қорлардың алдында берешегі бар 558 салық төлеушіге 195 млн. теңгенің берешегін өтеу туралы хабарлама жолданды. Берешек аясында 36 агенттің банктегі есепшоттарына 55 инкассациялық тапсырма жіберілді. Агенттердің банктегі есепшоттары бойынша 55 млн. теңгенің шығынға шығару операциялары уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, Оралдағы 60 кәсіпорын мен ұйым басшыларына әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы қабылданды. Алайда, Н.Тауышовтың айтуынша, зейнетақы жарнасына қатысты міндеттемелерді мәжбүрлі орындату шарасы кәсіпорындар мен ұйымдардың бәріне бірдей ықпалын жүргізе алмай отыр. Берешегі ең көп кәсіпорындар қатарында «Береке» ААҚ, «Орал құйма зауыты» Өндірістік кооперативі, «Диана» ААҚ тәрізді кәсіпорындар бар.
Үш жақты комиссия қалыптасқан ахуалға байланысты салық комитетіне жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын ұстап аудару міндеттемесін орындамауға байланысты айыппұл салу шараларын күшейтуді тапсырды.

Перейти к новостям спорта