"Түнек сияқты": Емші некеге жасалған сиқырдың белгілері туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Түнек сияқты": Емші некеге жасалған сиқырдың белгілері туралы айтты

"Түнек сияқты": Емші некеге жасалған сиқырдың белгілері туралы айтты

Өзін желіде "емшімін" деп таныстырған Берік есімді азамат некеге жасалған сиқырдың белгілері туралы айтты. 

  • 31 Шiлде 2023
  • 135
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы парақшасында оқырмандарымен бөліскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Ерлі-зайыптылардың арасына жасалған сиқырдың мынадай белгілері болады: Ұрсысып қала беру, бір-біріне жеккөрінішті сезімнің оянуы, мейірім мен махаббаттың кетуі, тек ажырасу туралы ойлай беру", — деген ол. 

Емшінің бұл видеосын миллионға жуық адам тамашалапты.

Сондай-ақ, емші үйде дуа болуының белгілері жайында да айтқан. 

"Ең алдымен ол үйде береке болмайды. Екіншіден, адамдардың бір-біріне суықтық сезімі болады. Үшіншіден, ол үйде той-томалақ тоқтайды. Және де үйде біреу шақырғандай, түнде бастырылғандай боласыз. Ол үйге сырттан келген адамның өзі де жайсыздықты сезінеді. Үй түнек сияқты болады", — деген ол. 

Желі қолданушыларының бірі емшінің сөзіне нанып, одан көмек сұраса енді бірі мұндай жағдайлар барлық отбасында болып тұратынын айтып "Сонда барлық үйде сиқыр бар деген сөз бе?" деп сынның астына алып жатыр.