Парламент сайлауы кезінде 30 мың полиция қызметкері құқық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді - ҚР ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент сайлауы кезінде 30 мың полиция қызметкері құқық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді - ҚР ІІМ

Парламент сайлауы кезінде 30 мың полиция қызметкері құқық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді - ҚР ІІМ

Елімізде күзде өтетін парламент сайлауы кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 30 мың тәртіп сақшылары мен 2,5 мың автомотокөлік құралдары жұмылдырылады. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде сайлаушылардың электрондық тізімін жасау, тіркеу және есепке алу жұмыстары бойынша республикалық мекемелер, министрліктер мен агенттіктер іс-қызметін өзара үйлестіру мәселесіне арналған республикалық семинар-кеңесте сөз сөйлеген ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Иван Отто хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 588
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, сайлау мерзімінде құқық пен тәртіпті сақтау үшін арнаулы штаб құрылмақшы.

И.Оттоның хабарлауынша, қазіргі таңда 11 мыңдай полиция қызметкері сайлаушылар тізіміндегі мәліметтерді тексеру және штрих-кодтарды жапсыру жұмыстарымен айналысуда. Министрдің бірінші орынбасары ортаға салған мәліметке сәйкес, қазіргі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясына әкімшіліктер 7 млн. 375 мың сайлаушының тізімін тапсырды. Ал ішкі істер органдарына 4 млн. 240 мың дана штрих-код жапсырмалары келіп түсті. Іс жүзінде 2 млн. 881 мың дана штрих-код жапсырылды. И.Оттоның атап көрсетуінше, штрих-кодтарды жапсыру жұмыстары 1-тамызға дейін аяқталуы тиіс.
Осы орайда министрдің орынбасары Қазақстан азаматтарымен бірдей сайлауға қатысуға құқығы бар оралмандар проблемасына баса назар аударды. Қазіргі жағдаймен республика көлемінде 73 мың оралман тұрып жатыр. Олардың 23 мыңы ҚР азаматтығын алған. Қазіргі жағдаймен 43 мың оралман азаматтық алу жөнінде өтініш берген. «Бұл проблеманы шешу үшін үлкен жұмыс тындыру керек»,- деді И.Отто. Осыған байланысты ол аймақтық көші-қон полициясы басшыларына қазіргі жағдаймен ішкі істер органдарына өтініш берген оралмандардың азаматтығына қатысты мәселені шешу жөнінде өтініш жасады.

Перейти к новостям спорта