Қазақстан мен Қытай арасындағы уран өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге 2004-жылғы қыркүйек айында қол қойылады - "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қытай арасындағы уран өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге 2004-жылғы қыркүйек айында қол қойылады - "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның президенті

Қазақстан мен Қытай арасындағы уран өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге 2004-жылғы қыркүйек айында қол қойылады - "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның президенті

Қазақстан мен Қытай арасындағы уран өнеркәсібі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы үкіметаралық келісімге 2004-жылғы қыркүйек айында қол қойылады. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде Алматыда өткізілген баспасөз мәслихатында "Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК-ның президенті Мұхтар Жәкішев хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 857
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қытай жағынан әріптестік туралы келісімге осы елдің Атом энергетикасы жөніндегі корпорациясы, ал Қазақстан жағынан «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК ЖАҚ қол қояды.

Сондай-ақ, М.Жәкішевтың айтуынша, 2004-жылдың аяғына таман Ресеймен екі арада да әріптестік туралы келісімге қол қойылмақшы. Бұған қоса «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК ЖАҚ мен РФ атом энергиясы агенттігі арасында да 2020-жылға дейінгі стратегиялық әріптестік туралы бағдарлама жобасын жасау жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда «Қазақатомөнеркәсібі» ҰАК ЖАҚ атом энергетикасы саласында Канада, Қытай, АҚШ, Украина, Оңтүстік Корея, Жапония, Бельгия, Германия, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Финляндия елдерімен ынтымақтастық орнатқан.

Перейти к новостям спорта