2005-жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 1,5 мың сарбазы әскери борышын шарт бойынша өтей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 1,5 мың сарбазы әскери борышын шарт бойынша өтей бастайды

2005-жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 1,5 мың сарбазы әскери борышын шарт бойынша өтей бастайды

"2005-жылы ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 1,5 мың сарбазы әскери борышын шарт бойынша өтей бастайды". Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде әскери кеңес мәжілісінің қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы Қайырбек Сүлейменов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 7 Шiлде 2004
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Егер үкімет қаржы бөлуге келісімін берсе» , осынша адамды шарт негізінде әскери борышын өтеуге жіберуге болады,- деді Қ.Сүлейменов. Қолбасшының айтуынша, Ішкі әскерлерді келісім-шарт негізіне көшіру қаржылық проблеманың шешілуіне тікелей байланысты.

Қ.Сүлейменовтың пікірінше, ішкі әскер саласында сержант лауазымындағы адамдарды, сондай-ақ, төтенше маңызды нысандар мен түрмелерді күзететін адамдарды келісім-шарт негізіне көшіру керек.

Перейти к новостям спорта