Монополияға қарсы күрес мекемесінің бұрынғы басшысы алдағы мәжіліс сайлауында бақ сынап көрмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Монополияға қарсы күрес мекемесінің бұрынғы басшысы алдағы мәжіліс сайлауында бақ сынап көрмекші

Монополияға қарсы күрес мекемесінің бұрынғы басшысы алдағы мәжіліс сайлауында бақ сынап көрмекші

ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің бұрынғы төрағасы Ораз Жандосов "сайлауға дайындық жұмыстарымен айналыспақшы". "Мен парламент мәжілісінің сайлауына қатысуға бел байладым",- деді ол KZ-today тілшісіне берген сұхбатында.

  • 8 Шiлде 2004
  • 411
Фото - Caravan.kz

7-шілдеде мемлекет басшысы Ораз Жандосовты ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің қайта құрылуына байланысты мекеме басшысы қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі.

KZ-today тілшісіне берген сұхбатында О.Жандосов агенттік төрағасы лауазымынан босатылғандығы туралы ақпарат ол үшін күтпеген оқиға емес деп мәлімдеді. Агенттікті қайта құру туралы жарлыққа Елбасы осыдан бір ай бұрын 9-маусымда қол қойған. «Агенттікті қайта құруға бір ай мерзім берілген болатын. Кешегі шешімді межелі мерзімнің таянғаны деп ұғыну керек»,- деді О.Жандосов.
42 жастағы О.Жандосов ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігін 2003-жылдың маусым айынан бері басқарды. Бұған дейін ол түрлі билік құрылымдарында сан алуан лауазымдар атқарған. О.Жандосов түрлі жылдарда ҚР қаржы министрлігі мен Ұлттық банкті басқарды, үш мәрте үкімет басшысының орынбасары болды, мемлекет басшысының қаржы-экономикалық мәселелер бойынша көмекшісі қызметін істеді. Сондай-ақ, О.Жандосов «Ақжол» демократиялық партиясыынң тең төрағасы болып табылады.

Перейти к новостям спорта