Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы келісімге қол қойды

Кеше, 7-шілдеде Оралда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі құпия ақпараттарды өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Еліміз жағынан құжатқа Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-лейтенант Нартай Дүтбаев, Ресей жағынан осы елдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің директоры, армия генералы Николай Патрушев қол қойды.

  • 8 Шiлде 2004
  • 625
Фото - Caravan.kz

Н.Патрушевтың айтуынша, «бұл келісім өзара көп бағытта белсенді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді». «Бірінші кезекте бұл құпия материалдарға байланысты, сондай-ақ, бұл аяға ғылыми-техникалық және әскери ынтымақтастық та қамтылады»,- деді Н.Патрушев.

Сондай-ақ, тараптар екі елдің арнаулы қызметтерінің биылғы өзара ықпалдастығын айқындап беретін мекемеаралық келісімге де қол қойды. «Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметімен біз 1993-жылдан бері қоян-қолтық байланыста жұмыс істеп келеміз, бүгінде бұл байланыс тәжірибелік сипатқа көшіп, аясы кеңейе түсті»,- деді Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Дүтбаев. Оның пікірінше, қазіргі жағдаймен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі арасындағы ықпалдастық «айрықша жемісті дами түсті, арнаулы қызметтердің бір-біріне деген сенімі кәміл».
Бұл Қазақстан мен Ресейдің арнаулы қызметтері басшыларының екінші кездесуі. Алғашқы жүздесу былтыр Омбыда өткен. Бұдан былай осындай кездесулер тұрақты өткізіліп тұрады деп күтілуде.
Оралдағы кездесу барысында лаңкестік, экстремизм және халықаралық заңсыз есірткі тасымалымен күрес, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында алдағы ықпалдастықты іс жүзінде дамыту мәселелері сарапқа салынды. Құқықтық-нормативтік базаны жетілдіру, шұғыл ақпараттар алмасу, шұғыл іздестіру шараларын өзара үйлесімді жүзеге асыру тәжірибесін кеңінен қолдану бағытында нақты ұсыныстар жасалды.

Перейти к новостям спорта