Қырғызстанда мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен мемлекеттік қызметкерлердің тағы бір шоғыры ұсталуы мүмкін- Республика ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен мемлекеттік қызметкерлердің тағы бір шоғыры ұсталуы мүмкін- Республика ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы

Қырғызстанда мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен мемлекеттік қызметкерлердің тағы бір шоғыры ұсталуы мүмкін- Республика ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы

Қырғызстанда мемлекеттік құпияны жария етті, осындай мәліметтерді шет мемлекеттерге берді деген күдікпен шенеуніктердің тағы бір шоғыры ұсталуы мүмкін. Бұл туралы 7-шілде, сәрсенбіде журналистерге берген сұхбатында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Халық Иманқұлов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бішкектен.

  • 8 Шiлде 2004
  • 504
Фото - Caravan.kz

Х.Иманқұловтың айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын ұсталған мемлекеттік қызметкерлер арасында ІІМ-нің, фелъдъегерлік байланыс және шекара әскерінің қызметкерлері, кәсіпкер мен ғалым бар. Олардан «құпия» және «төтенше құпия» деген белгісі бар 700-ге жуық құжат тәркіленді. Алайда, тергеу мүддесіне сәйкес, Х.Иманқұлов олардың аты -жөні мен бұған дейін атқарған лауазымдарын атаудан бас тартты. «Бұл іс бойынша біз бір жыл бойы тер төктік. Бұл — классикалық үлгідегі байланыс желісі мен жұмыс тәсілдері бар біржола қалыптасқан топ деп айта аламын»,- деді ол. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы сондай-ақ, түрлі деңгейдегі құрылымдардан, соның ішінде «Ақ үй», ішкі істер, әділет және сыртқы істер министрліктері мен қауіпсіздік қызметінен құпия ақпараттар қолды болғанын жеткізді.

«Олар мемлекеттік құпияға жататын ақпараттарды сатқан, мұндай адамдарды атам заманнан отанын сатқан опасыздар деп атайды. Отаншылдық қасиеттер мен адамгершіліктен ада бұл адамдар тек қарын қамын ғана күйттеген. Топтың арқау-негізін күш құрылымдарының бұрынғы қызметкерлері құраған. Бұл адамдар шетелдік арнаулы құрылымдар үшін қандай ақпараттар қызығушылық тудыратынынан және оларды қаншаға пұлдау қажеттігінен жақсы хабардар болған»,- деді Х.Иманқұлов.

Перейти к новостям спорта