ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жанындағы «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ басқармаларынң төрағасы Нұрлан Құсайыновтың айтуына қарағанда, жобаны ҚР үкіметінің тапсырмасымен «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ халықаралық консалтингтік JAA және ECG компанияларымен бірлесе отырып жасауда.
12 айлық жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының шикізат өндіруден өзге жетекші салаларының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған нақты іс-шаралар жоспарын жасау болып табылады.
Жоба бюджеті 2,5 млн. долларға тең. Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын талдап сараптау негізіндегі нақты ұсыныстар биылғы жылдың аяғына дейін жасалуы тиіс.