ҚР монополияға қарсы күрес мекемесінің басшысы қызметін атқару міндеті Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР монополияға қарсы күрес мекемесінің басшысы қызметін атқару міндеті Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді

ҚР монополияға қарсы күрес мекемесінің басшысы қызметін атқару міндеті Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді

Үкімет басшысы Даниал Ахметовтың бұйрығымен ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы қызметін атқару міндеті бұған дейін осы мекеме төрағасының орынбасары болған Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Шiлде 2004
  • 678
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-шілдеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов қызметтен босатылған болатын. Мұндай шешім агенттікті қайта құруға байланысты қабылданған. Мемлекет басшысының өкімдерімен сондай-ақ, Жаннат Ертілесова агенттік төрағасының бірінші орынбасары, Алмас Мыңбаев пен Бақытжан Сағынтаев агенттік төрағасының орынбасарлары қызметтерінен босатылды.