Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"ҰҚК-нің бұрынғы басшылары: Алматы облысында – Сәбит Құрманаев, Қызылорда облысында – Аслан Рахимов, Алматыда –Нұрлан Мәжилов, сондай-ақ Павлодар облысының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов Өскеменге ауыстырылады. ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де Өскемендегі жалпы режимдегі колонияға ауыстырылады", — деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.
Еске салайық, аталған Алматы қаласы мен екі облыстың ҰҚК-нің экс-басшылары 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде өздеріне сеніп тапсырылған стратегиялық нысандарды тастап кеткені үшін сотталған болатын. Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қаңтар оқиғасын ұйымдастырған тікелей қастандық жасаушылар ретінде қамалған еді. Нұрлан Мәсімов Павлодар облысы ішкі істер басқармасының басшысы лауазымында жүрген кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп сотталған болатын.